Қызыл үңгірлері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қызыл үңгірлері
ұйғ. قىزىل مىڭ ئۆي
Сипаттамасы
Ұзындығы3 000 м
Орналасуы
41°28′13″ с. е. 82°18′06″ ш. б. / 41.4704° с. е. 82.3017° ш. б. / 41.4704; 82.3017 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°28′13″ с. е. 82°18′06″ ш. б. / 41.4704° с. е. 82.3017° ш. б. / 41.4704; 82.3017 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қытай
АймақШыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы
Қызыл үңгірлері (Қытай)
Қызыл үңгірлері
Қызыл үңгірлері Ортаққорда

Қызыл үңгірлері (қыт.克孜尔千佛洞, пиньинь Kèzī’ěr Qiānfódòng — «Қызылдағы будданың мың үңгірі»; ұйғ. قىزىل مىڭ ئۆي, Qizil Ming Öy, Қизил Миң өй — «мың қызыл үй») — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Бай уезіндегі Қыызыл қаласының маңында орналасқан жартасқа қашалған буддалық үңгірлер кешені.

Қызыл үңгірлері Қытайдағы ең көне буддалық үңгір монастырларының бірі. Үңгірлер тау етегіне ойылған және олар платформалармен, ішкі және сыртқы ағаш баспалдақтармен біріктірілген. Қызыл үңгірлердің ұзындығы 3 шақырымға жуықтайды. Қызыл үңгірлері Қызыл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым Музат өзенінің солтүстік жағалауындағы жартастарда орналасқан.[1]

Үңгір ғибадатханасының гүлдену кезеңі 1 мыңжылдықтың басына келді. 14 ғасырға қарай ислам буддизмді Шыңжаңнан ығыстырып шығарғандықтан, Қызыл үңгірлері қирап, ұзақ уақыт бойы қараусыз қалды, олардың көпшілігі жойылды немесе құм басып қалды. Бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық үңгірлер сақталған, олардың көпшілігі қираған күйде.[2]

Ежелгі Жібек жолы Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолы ғана емес, адамдар тауармен ғана емес, кейіннен қоғамды өзгерткен идеялармен де алмасты. Араб саудагерлері ислам дінін таратты. Бүгінде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаңда тұрғындардың басым бөлігі мұсылмандар. Ислам келгенге дейін бүкіл Шыңжаң буддистер болған, олар ең үлкен мұра қалдырды, оның бір бөлігін Қызыл үңгірлерден көруге болады.[3]

Ішкі декоры

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызыл үңгірлерінің ішкі декоры ерекше қызығушылық тудырады. Барлық үңгір-ұяшықтар буддалық діни мотивтерді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі аңызға айналған көріністерді бейнелейтін қабырға суреттері мен фрескалармен безендірілген. Сонымен қатар, көптеген үңгірлер Будда мүсіндерінің ең кішкентайынан бастап биіктігі 14 метрлік алып мүсіндерге дейін безендірілген.

Қызыл үңгірлерінде жасалған қабырға суреттері мен фрескалар әртүрлі мәдениеттердің синтезі болып табылады. Мұнда Ұлы Жібек жолы арқылы саяхатшылармен бірге Шыңжаңға келген грек, үнді, парсы мәдениетінің элементтерін кездестіруге болады.[2]

Фрескаларда адамдардың күнделікті іс-әрекеті (егіншілік, аңшылық, атқа міну, т.б.) және қоршаған табиғат: таулар, өзендер, жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген. Үңгірлердің бірінде әртүрлі аспаптарда ойнап отырған 20 музыкант бейнеленген фреска бар.

Фрескалардың нақты жасалған күні белгісіз, бірақ археологтар қабырға суреттерін стиліне қарай екі кезеңге бөлген. Ертедегі үңгірлерде картиналарда қызыл түсті пигменттер қолданылған, сызықтар мұқият реттелген, кескіндер тегіс көрінеді. Кескіндеменің екінші түрінде негізінен көкшіл пигменттер, соның ішінде ляпис-лазур пайдаланылды. Түрлі түсті реңктерді пайдаланудың арқасында кескіндер үш өлшемді болып көрінеді. Фрескалардың көпшілігі екінші кезеңге жатады, олар 20 ғасырдың басында кешенге келген неміс археологтарын таң қалдырды, өйткені ляпис-лазулит өте құнды тауар.

Фрескалардың көпшілігінде Қытайдың әсері жоқтың қасы. Қызыл үңгірлерінің екеуінде ғана қытай элементтері бар, олар Тан әулеті билікке келген 8 ғасырдың басындағы соңғы кезеңге жатады. Керісінше, қабырға суреттерінде не грек-үнді (гандхаран), не сасанилік (иран) элементтердің болуы олардың ертерек кезеңге жататынын көрсетеді. Батыс мәдениетінің ықпалын Жібек жолы бойындағы батыс саяхатшыларының Қытайға барар жолда Шыңжаң арқылы өткендігімен түсіндіруге болады.[3]

Қызыл үңгірінің панорамасы

Қызыл үңгірлері туралы мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алайда Қызыл үңгірлерінің тарихы қайғылы сәттерге толы болды. XIX ғасырда Шыңжаң әлемнің саяси аренасында маңызды рөл атқара бастаған кезде, мұнда жергілікті мәдениетті зерттеушілер, зерттеп қана қоймай, қытай халқының мәдени мұраларын елден жиі алып кететін "саяхатшылар" ағыны пайда болды. Қызыл үңгірлер осындай "ғылыми" зерттеулерден қатты зардап шеккендердің бірі болды.[2]

Бір кездері жергілікті фрескалардың жойылуына жел мен құмның да әсері болды, ал 20 ғасырдың басында археологтары үңгірлердің барлық қабаттарының ең жақсы суреттерін кесіп алып, бәрін Германияға алып кетті, ол жердегі мұражайларда сақталып, бірақ оның көпшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс өртінде жойылып кетті.[4]

20-ғасырдың ортасында Қытай билігі бұл мәдени ескерткішті қалпына келтіруге қыруар қаржы бөлді. Осы жерден шығарылған өнер мен мәдениет нысандарын қайтару үшін бірқатар шаралар қабылданды. Бүгінгі таңда Қызыл үңгірлері әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген туристерді қарсы алады және Шыңжаңның басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кызыл тысяч Будда пещеры http://www.chinesetimeschool.com/ru-ru/articles/kizil-thousand-buddha-caves/ Мұрағатталған 27 қаңтардың 2020 жылы.
  2. a b c Кызылские пещеры, Кучар https://www.advantour.com/rus/china/kuchar/kizil-caves.htm
  3. a b Кизил: буддийский пещерный комплекс на Великом шёлковом пути в Китае https://pikabu.ru/story/kizil_buddiyskiy_peshchernyiy_kompleks_na_velikom_shyolkovom_puti_v_kitae_5437658
  4. Китайский Туркестан https://www.vokrugsveta.ru/vs/article/2763/