Мазмұнға өту

Қына

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қына (араб.: حنا‎) – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы.

A.
Шаш бояуға арналған қына.

Саңырауқұлақтар мен балдырлардың cелбесе тіршілік ету нәтижесінде пайда болған. Қынаның 400-дей туысы, 26 мың түрі бар. Олардың қазба қалдықтары жоғарғы бор кезеңінен белгілі. Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы кладинасы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қына денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін саңырауқұлақ гифтерінен (жіпшелерінен) құралған. Саңырауқұлақ фотосинтезге қабілетсіз болғандықтан дайын көмірсуларды балдырлардан алады да, есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады. Сондықтан Қыналар басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта жағдайларына жақсы бейімделген. Қынаны құрайтын саңырауқұлақтар, негізінен, қалталы саңырауқұлақтар класына, ал Қынаның екінші бөлігін құрайтын балдырлар көк-жасыл балдырлар және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады. Бұлардың бір ерекшелігі — жеке (саңырауқұлақсыз) де тіршілік етуге қабілетті. Қынаның сыртқы пішіні әр түрлі: кішкене жұқа қабықша сияқты, жиегі бір шама тілімделген, сырты тегіс, немесе бұдырлы қалақша тәрізді; кішірек бұталарда, таста өседі, немесе ағаштарда өсіп төмен салбырап тұрады. Түсі қоңыр, қара, сұр, сары, қызғылт, ақшыл, т.б. болып келеді де қайнатпа (қабыршақты), жапырақша және бұта тәрізді Қыналар болып үш топқа бөлінеді.[1]

A.
Қына.

Қына талломдарының бөліктерімен (үзіктерімен) немесе арнайы органдарымен (соредияларымен, изидияларымен) көбейеді. Соредия — балдырлардың клеткалары мен саңырауқұлақ жіпшелерінің топтасқан жиынтығы. Қабыршақ дененің жарықшағынан соредия тозаң сияқты төгіліп, ауамен таралады. Қолайлы жағдайда саңырауқұлақ жіпшелері өсіп, балдыр клеткаларымен біріге Қына денесін құрайды. Изидия Қынаның денесінде бүртік тәрізді пайда болып, сосын бөлініп, өз алдына жаңа Қына организмін түзеді. Қына суды бүкіл денесімен сіңіреді. Қоректік заттарды — минералдық элементтерді тастан, тіпті ауадағы шаңнан да ала алады. Бойынан қымыздық Мұрағатталған 4 маусымның 2011 жылы. қышқылын бөліп шығарып, тау жыныстарының еріп, мүжілуіне ықпал етеді. Өте аз қоректенетіндіктен Қынаның өсуі де өте баяу, мысалы, бұталы Қына жылына 3 — 5 мм-дей ғана өседі. Қынаның қай түрі де ауаның ластануына, ондағы шаңға, түтінге, күкіртті газдарға төзімді. Қына тундрада ерекше маңызға ие. Жазда бұғы азығының 75%-ын құраса, қыста бұғылар тек Қынамен ғана қоректенеді.

Бірқатар түрлерінен дәрілік глюкоза, спирт, лакмус, бояу, С витамині алынады. Кейбір түрлері орман шаруашылығына зиян келтіреді. Ағаш қабығына жабыса қаптай өсіп, ағаштың газ алмасу процесіне кедергі келтіреді, онда зиянды жәндіктердің, паразитті саңырауқұлақтардың өсіп дамуына жағдай жасайды. Кей түрлерін жергілікті жердің ауасының тазалығын анықтайтын индикатор ретінде пайдалануға болады.

Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүниесі ретінде қарастырылады. Олар - ерекше және ғажап ағзалар. Бұлар сырттай қарағанда бір ғана өсімдік болып байқалғанымен, екі ағзаның селбесуінен құралған. Қынаның денесі саңырауқұлақтай және балдырдан түзілген. Саңырау - құлақтың жіпшумағы көк-жасыл балдырды (цианобактерия) орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырдың түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орнықтырады. Оның құрамындағы балдырларды ауалан ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде қарастыруда.

Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны зерттеушілер лихенологтар (гр. лихен - қына, - гр. логос - ілім) деп аталады.

Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі. Тастың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ор май д арда тіршілік етеді. Антарктидадан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортала өсетіндері жоғары температурада тез кеуіл кететіндіктен, тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіл қалған қыналар қалпына келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде өсетін қыналарды айрықша тығыз қалың қабықша қорғап тұрады.

Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.

  1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына. Бұлар сары-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады.
  2. Орманда ағаш діңіне, түбіріне зкабысып өсетін жапырақ пішініне үқсастары - жапырақ тәрізді қыналар.
  3. Қарағайлы орман да төсемікте өсетін бүтақталған ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар.

Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, еелбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саңырау - құлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен қоректенеді.

Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікте орнығады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіндері де бар.

Қынаның құрамында бір жасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасуша хроматофорлары көмір қышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі. Балдырлар және саңырауқұлақтың жіпшелері ағзалық заттармен қоректенеді.

Ғалымдар қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырларды қоректік ортала жеке-жеке өсірген. Сонда саңырауқұлақтардың жіпшелері ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің барлық түрлері болған. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңырауқұлақ - тар паразитті қоректенуге бейімделе бастайды деген қорытындыла келген.

Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыла денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай - оттегіне бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.

Бұғы кынасы солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның катпариіағы (таллом) - тақта, біз, бокал тәрізді, тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Қыналардың топырақта қоректену! нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған жанартау қалдықтарының (лава) бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қыналар. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда болады. Оған басқа өсімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне айналады.

Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.

Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жерқынаны қайнатыл, дизентерия (сатқақ) ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.

Қыналар - ерекше құрылымды тірі ағза. Өсімдіктер мен жануарлардан ерекшеліктері болғандықтан, оларды өсімдіктер ретінде емес, саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде қарастырады. Қыналарды зерттеушілер лихенологтар деп аталады.

Қыналар - екі тірі ағза: саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырдың селбесуінен түзілген. Олар пішініне қарай қабық тәрізді, жапырақ тәрізді және бұта тәрізді болып үш топқа бөлінеді. Қына өсімді жолмен көбейеді. Оның табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы зор. Қына нағыз ауа тазалығының индикаторы (көрсеткіші).

Қабық тәрізді қыналардың ең ескісі антарктикалық қына, оның жасы кем дегенде 10 000 жыл деп есептеледі. Қыналар 80-100 жылға дейін, кейбіреуі 600 жылға дейін тіршілік етеді.[2][3][4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген / М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4
  2. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2007. ISBN 9965-34-607-0
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  4. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Қазақстан Энциклопедиясы


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy