Ұлы III Альфонсо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ІІІ Альфонсо

ІІІ Ұлы Альфонсо Леон - Галисия және Аустрия патшалықтарын б.з. 866 жылдан бастап өмірінің соныңа дейін басқарған.


Ол Аустрия патшасы І Ордоньоның ұлы әрі мұрагері. Альфонсо маврлармен табанды түрде күресіп, Тахо өзенінің солтүстігіндегі бірнеше аудандарды жаулап алды. Кордова эмиратының ішкі жағдайының қиындауы Альфонсаның жетістікке жетуіне мүмкіндік тудырды.

Шамамен б.з.869 жылы Альфонсо Памплон патшалығымен одақтасып,осы одақты нығайту үшін Иньигес Гарсия патшаның қызы – Хименаға,одан кейін Иньигестің қарындасы – Леодигандиге үйленді. 910 жылы өзіне қарсы шыққан балаларына шамасы келмей, тағынан таюға мәжбүр болды. Осылайша Аустрия патшалығы ІІІ Альфонсаныңбалаларына теңдей бөлінді. Альфонсо шамамен б.з. 910 жылы Испанияның Самора қаласында қайтыс болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”. ISBN 978-9965-26-591-4
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Alfonso III of Asturias