Мазмұнға өту

Boeing 787 Dreamliner

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Boeing 787 Dreamliner
Boeing 787 Dreamliner ұшағы Варшава әуежайында
Boeing 787 Dreamliner ұшағы Варшава әуежайында
Түрі

Реактивті жолаушы ұшағы

Жобалаушысы

Boeing

Өндірушісі

Boeing

Мемлекеті

 АҚШ

Алғашқы ұшуы

2009 жылы 15 желтоқсан

Қолданысқа енгізілуі

2011 жылы 26 қазан

Статусы

Қолданыста, өндірілуде

Негізгі эксплуатанттары

All Nippon Airways
Japan Airlines
United Airlines
Air India

Өндіріс жылдары

2007 жылдан бастап

Өндірілген бірліктері

66 (2013 жылдың маусымы)[1]

Жобалау бағдарламасы құны

$32 млрд (2011 жылғы Boeing шығыны)[2]

Бірлігінің құны

787-8: $206,8 млн[3]
787-9: $243,6 млн[3]

Boeing 787 Dreamliner Ортаққорда

Boeing 787 Dreamliner — американдық Boeing корпорация жасап шығарған кең фюзеляжды екіқозғалтқышты реактивті жолаушы ұшағы. Ұшақ нұсқаларына байланысты 210-нан 330 жолаушыны тасымалдай алады. Boeing компаниясының хабарлауынша, бұл компанияның ең үнемді ұшағы және фюзеляжы негізінен композитті материалдан жасалған әлемдегі ең үлкен ұшақ.[4] 787 ұшағы өзі алмастырған Boeing 767 ұшағына қарағанда 20 %-ға аз жанармай қолданады.[5] Dreamliner-дің басты ерекшеліктері: ұшудың электронды жүйелердің, 4 беткері әйнек, қозғалтқыш гондоласындағы шудан қорғайтын шеврондар және ұшақ ұшының жатық контуры. Ұшақ өзінен үлкенірек 777 моделімен типтес болғандықтан ұшқыштар екі ұшақты басқару үшін бір квалификацияны меңгереді.[6]

2005 жылдың 28 қаңтарына дейін ұшақ 7E7 деген уақытша атпен белгілі болды.[7] Алғашқы 787 2007 жылы 8 шілдеде Эверетт қаласындағы (Вашингтон штаты) Boeing компаниясының зауытынан шығарылып бұқара алдында көрсетілді. Бұл кезде ұшаққа 677 тапсырыс түскен болатын.[8] 2013 жылдың мамырына қарай 787 ұшағына 58 тапсырыс берушіден 890 ұшаққа тапсырыс жасалды. Оның ең көбі International Lease Finance Corporation (ILFC) компаниясынан түсті.

.

Алғышарттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1990 жылдардың соңында Boeing 747-400 және 767 ұшақтарының сатылымы төмендеуіне байланысты оларды алмастыратын жаңа ұшақтың бағдарламасын қарастыра бастады. Компания 2 жаңа ұшақты ұсынды. Біріншісі — 747X, ол 747-400 ұшағын ұзарту және жақсарту арқылы жасалмақ болған. Ал екіншісі — Sonic Cruiser, ол 767 ұшағымен бірдей мөлшерде жанармай шығындай отырып одан 15 % артық жылдамдықпен (шамамен 0,98 М) ұша алатын.[9] 747X ұшағына қызығушылық болмады, ал Sonic Criuser болашағы жарқын көрінді. Бірнеше ірі АҚШ әуе компаниялары, Continental Airlines-пен қоса, Sonic Criuser концепциясына назар аударды, алайда олар ұшақты қолдану шығынына қатысты қамкөңіл көрсетті.[10]

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілер мен мұнай бағасының өсуі әлемдік ұшақ нарығына өзгеріс әкелді: енді әуе компанияларын жылдамдық емес, үнемділік қызықтырды. Сол кезде ең көп залал шеккен әуе тасымалдаушылары, әсіресе АҚШ компаниялары, Sonic Cruiser-дің мүмкін тапсырыс берушілері болған. Сондықтан 2002 жылы 20 желтоқсанда Boeing Sonic Cruiser жобасынан бас тартатынын мәлімдеді. 2003 жылы 29 қаңтарда компания өз бағытынын өзгеретінін мәлімдеді: Boeing Sonic Cruiser технологияларын қолдана отырып қарапайым пішімдегі 7E7 ұшағын жасайтынын айтты.[4][11] Жаңа ұшақ сыйымдылығы одан үлкен 747 ұшағынан аз болуы керек болды, осыған орай арнайы топ зерттеу жұмыстарын бастады.[12] [13]

The Dreamliner logo.
Dreamliner логотипі 2003 жылы шілдеде таныстырылды.

Sonic Cruiser-ді алмастыраты жобаға "7E7" атауы берілді (өндірістік ішкі атауы: "Y2").[14] Boeing-тің Sonic Cruiser мен 7E7 ұшақтары аясында жасалған технологиялары компания өнімдерін жақсартуға бағытталған «Йеллоустоун жобасына» енгізілді (7E7 осы жобаның алғашқы қадамы болды).[15] 7E7 концепциясының алғашқы суреттерінде ұшақта түсірілген кабина терезесі, төмендетілген ұшы және акула жүзбесіне ұқсас ұшақ құйрығы болды.[16] Алғашында "E" әріпі бірнеше мағынаны береді деп айтылды: тиімді (efficiency), қоршаған ортаға зиян келтірмейтін (environmentally friendly). Алайда кейін Boeing оны "8" санына ұқсас келеді деп хабарлады.[4] 2003 жылы шілдеде 500 000 адам қатысқан онлайн дауыс беру нәтижесінде ұшаққа «Dreamliner» атауы берілді.[17] Басқа атаулар қатарында eLiner , Global Cruiser және Stratoclimber болды.

B787 in launch customer All Nippon Airways' blue and white livery. In the background are two assembly halls, with huge doors facing left. Vehicles are parked in front of the halls.
All Nippon Airways 2004 жылы 50 ұшаққа тапсырысымен 787 Dreamliner бағдарламасына қосылды.

2004 жылы 26 сәуірде жапондық All Nippon Airways (ANA) әуе компаниясы жаңа ұшақтың алғашқы тапсырыс берушісі болды: ANA 50 ұшаққа тапсырыс берді, ал олардың тапсырылуы 2008 жылдың аяғына белгіленді.[18] ANA тапсырыс берілген ұшақтардың 30 жергілікті әуе линияларына арналған 787-3 (бір класста 290-330 орынды), қалған 20 орта магистральді халықаралық қатынастарға арналған (мысалы, Токио Нарита - Бейжің) 787-8 нұсқасында (екі класста 210-250 орын) тапсырыс берді. Ұшақ ANA әуе компаниясына бұрын болмаған Денвер, Мәскеу және Нью-Дели қалаларына жаңа бағыттарды ашуға мүмкіндік берді.[19] 787-3 және 787-8 ұшақтың алғашқы нұсқалар болды, ал 787-9 қолданысқа 2010 жылы енгізілмек болды.

787 ұшағын өдіруде алғаш рет көп алюмини беттері мен 50 000 біріктіру элементінің орнына бір алюминий құймыснан тұратын секциялар қолданылған.[20][21] Boeing ұшаққа екі қозғалтқыш түрін таңдап алды: General Electric GEnx және Rolls-Royce Trent 1000.[4] Boeing 787-ні жасауда композитті материалдардың қолданылуы оның 767-ге қарағанда 20 %-ға үнемдірек екенін,[22] қозғалтқыштың пайдалылығы шамамен 40 %-ға жақсарғанын,[23] аэродинамиканың жақсартылғанын хабарлады.[24] 787-8 бен -9 ETOPS бойынша 330 минуттық ұшуға сертификатталуы керек болды.[25]

Жобалау барысында 787 моделі Boeing комапаниясының Transonic Wind Tunnel тоннелінде, QinetiQ компаниясының Франбородағы (Ұлыбритания) 5-метрлік аэродинамикалық трубасында, NASA-ның Ames Research орталығының аэродинамикалық трубасында, Францияның аэродинамиканы зерттеу агенттігінде (ONERA) сынақтан өтті. Соңғы нұсқаның сырт көрінісі қарапайым болап келді: алғашқыда ұсынылған ұшақтың ұшы мен кабина терезелері қарапайымға алмастырылды. 2004 жылдың соңында ұшаққа тапсырыстар саны 237-ге жетті.[26] Алғашында 787-8 нұсқасы $ 120 млн бағаланды, бұл өндірісті таң қалдырған төмен нәтиже болды. 2007 жылы бағалар келесідей болып өзгертілді: 787-3 нұсқасы $ 146-151,5 млн, 787-8 нұсқасы $ 157-167 млн және 787-9 нұсқасы $ 189-200 млн.[27]

Қолданысқа енгізілуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Dreamliner-дің ең алғашқы нұсқасы, қысқалау 787-8, 2009 жылдың желтоқсанында ұша бастады. Кейінірек ұзағырақ 787-9 2013 жылдың қыркүйегінде, одан кейін ең ұзын нұсқасы 787-10 2017 жылдың наурызында ұша бастады. Бұл нұсқалар ИКАО ұшақ типінің белгілеушілерінің тізімінде сәйкесінше B788, B789 және B78X деп аталады. Қысқа қашықтықтағы 787-3 2010 жылы жойылды.

787-8

Бастапқы 787-8 қанатының кеңдігі 56,7 м (186 фут). Әдеттегі сыйымдылығы 242 жолаушы және 7 355 теңіз милі (13 621 км; 8 464 миль) қашықтығы бар −8 787 отбасының базалық үлгісі болып табылады және 2011 жылы қызметке бірінші болып кірді. 787-8 ескірген Boeing 767-300ER және Airbus A330-200 ұшақтарын ауыстыруға, сондай-ақ бұрын үлкен ұшақтар үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған, жаңа нарықтарды кеңейтуге бағытталған[28]. 2019 жылдың қазан айында 787 тапсырыстың шамамен 29% 787-8 нұсқасы болды.

787-9

787-8 сияқты қанатының кеңдігін сақтай отырып, 787-9 ұзартылған және күшейтілген нұсқа болып табылады, фюзеляж 20 фут (6,1 м) ұзағырақ және жоғары максималды ұшып көтерілу салмағы (MTOW) 54 500 фунт (24 700 кг). Ұшу қашықтығы 7 635 теңіз милі (8 786 миль; 14 140 км), үш класты конфигурацияда 296 жолаушыға арналған [29]. Boeing 767-400ER және Airbus A330-300 ұшақтарын ауыстыруға бағытталған. Ол Airbus A330-900-мен бәсекелеседі.


787-10

2017 жылдың 17 ақпанында 787 ең ұзын нұсқасы 68,3 метрлік 787-10 шықты.

2005 жылдың желтоқсанында Emirates және Qantas сұрауы бойынша Boeing 787-9 ұшағын 290-нан 310 жолаушыға дейін кеңейту мүмкіндігін зерттей бастады. Зерттеу барысында 787 әзірлеу бағдарламасы бойынша Boeing вице-президенті Майк Бэйр, сондай сыйымдылыққа басқа тұтынушылар қызығушылық білдірсе, бірден 787-10 әзірлеуді жалғастыру оңайырақ болғанын айтты. 2013 жылдың 30 мамырында Singapore Airlines 2018–2019 жылдары жеткізілетін 30 787-10 (Боинг бағдарламаны іске қосқан жағдайда) тапсырыс беретінін мәлімдеп, алғашқы тапсырыс беруші болды. 2013 жылдың 18 маусымында Boeing Париждегі Әуе Шоу барысында 102 ұшағына тапсырыстары немесе міндеттемелері бар 787-10 ұшағын сатты. Сатып алушылардың арасында Air Lease Corporation (30), Singapore Airlines (30), United Airlines (20), және British Airways (12) болды [30].

Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
787 техникалық сипаттамасы
Model 787-8 787-9 787-10
Экипаж саны Екеу
Жолаушылар саны, 2-кластық 242: 24J @85" + 218Y @32" 290: 28J @85" + 262Y @32" 330: 32J @85" + 298Y @32"
Жолаушылар саны, 1-кластық Max. 359, exit limit 381 Max. 406, exit limit 420 Max. 440, exit limit 440
Ұзындығы 56.72 м. 62.81 м. 68.28 м.
Қанаты Көлемі 377 м.
Қанат кеңістігі Ұзындығы 60.12 м., орта аккорд 6.27 м.
Биіктігі 16.92 м. 17.02 м.
Фюзеляж Кабинаның ені: 5.49 метр

Сыртқы ені: 5.77 метр. Биіктігі: 5.94 м.

Жүк сыйымдылығы 136.7 м³

28 LD3 or 9 (88×125) pallets

172.5 м³

36 LD3 or 11 (96×125) pallets

191.4 м³

40 LD3 or 13 (96×125) pallets

Максималды ұшу салмағы 227,930 кг. 254,011 кг.
Максималды жүктеме 43,318 кг. 52,587 кг. 57,277 кг.
Жүксыз жұмыс салмағы 119,950 кг. 128,850 кг. 135,500 кг.
Жанармай сыйымдылығы 126,206 литр

101,323 кг.

126,372 литр

101,456 кг.

Жылдамдығы Максимум.: Mach 0.90 (516 kН; 956 км/сағ) мах;

Круиздық: 0.85 (488 kН; 903 км/сағ) мах

Қашықтағы 13,620 км. 14,140 км. 11,910 км.
Ұшуға қажетті қашықтық (Takeoff) 2,600 м. 2,800 м. 2,800 м.
Максималды ұшу биіктігі (ceiling) 13,100 м. 12,500 м.
Қозғалтқыштар (×2) General Electric GEnx-1B or Rolls-Royce Trent 1000
Тарту күші (×2) 64,000 фунт (280 kN) 71,000 фунт (320 kN) 76,000 фунт (340 kN)

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Airbus A350 XWB

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Boeing Commercial Airplanes - Orders and Deliveries
  2. Gates, Dominic. Boeing celebrates 787 delivery as program's costs top $32 billion, The Seattle Times (September 24, 2011). Тексерілді 26 қыркүйектің 2011.
  3. a b Boeing Commercial Airplanes prices. Boeing. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 желтоқсан 2012. Тексерілді, тамыз 7, 2012.
  4. a b c d Boeing 787 Dreamliner – Flying Redefined — Aerospace Technical Publications International, 2005. — ISBN 0-9752341-2-9.
  5. Croft, Jon Powering the Dream: Atypical paths to Boeing 787 EIS. Flight International (17 қазан 2011). Тексерілді, қаңтар 20, 2013.
  6. Flight Standardization Board Report. Federal Aviation Administration (тамыз 25, 2011). Тексерілді, қараша 8, 2011.
  7. Boeing (қаңтар 28, 2005). Boeing Gives the 7E7 Dreamliner a Model Designation. Пресс-релиз. Тексерілген маусым 14, 2011.
  8. Boeing (шілде 8, 2007). Boeing Celebrates the Premiere of the 787 Dreamliner. Пресс-релиз. Тексерілген қаңтар 21, 2011.
  9. Gunter, Lori The Need for Speed, Boeing's Sonic Cruiser team focuses on the future. Boeing Frontier magazine (шілде 2002). Тексерілді, қаңтар 21, 2011.
  10. Banks, Howard. Paper plane: That Mach 0.95 Sonic Cruiser from Boeing will never fly. Here's why., Forbes (мамыр 28, 2001). Тексерілді маусым 7, 2007.
  11. History of the Boeing 787, Seattle Times (маусым 23, 2000). Тексерілді 28 қазан 2012.
  12. Cannegieter, Roger Long Range vs. Ultra High Capacity. Aerlines.nl. Тексерілді, сәуір 8, 2010.
  13. Boeing Versus Airbus, Forbes (мамыр 24, 2006). Тексерілді сәуір 8, 2010.
  14. Boeing Frontier magazine (March 2003). Maximizing the Middle, Finding the sweet spot in the market. Пресс-релиз.
  15. Boeing (маусым 20, 200). Boeing Achieves 787 Power On. Пресс-релиз.
  16. Daydream believer: How different is the Boeing 787?. Flight International. Тексерілді, 14 желтоқсан 2010.
  17. 'Name Your Plane' sweepstakes. Boeing Frontiers Online (шілде 2003). Тексерілді, 28 қыркүйек 2007.
  18. (сәуір 26, 2004). Boeing Launches 7E7 Dreamliner. Пресс-релиз. Тексерілген маусым 14, 2011.
  19. ANA says Denver still in hunt for non-stop to Tokyo. Metro Denver (сәуір 8, 2009). Тексерілді, 14 желтоқсан 2010.
  20. The Dream of Composites. R&D Magazine (қараша 20, 2006). Тексерілді, қараша 23, 2012.
  21. Walz. The Dream of Composites, RD mag (қараша 20, 2006). Тексерілді 2 қыркүйектің 2011.
  22. Norris, Guy Boeing Rules Out 787 Window Change. Aviation Week (қаңтар 9, 2009). Тексерілді, маусым 14, 2011.
  23. Ogando, Joseph Design News – Features – Boeing's 'More Electric' 787 Dreamliner Spurs Engine Evolution. designnews.com (маусым 7, 2007). Тексерілді, 7 қыркүйек 2011.
  24. Shifrin, Carole Dream start. Flight International (March 27, 2006). Тексерілді, 7 қыркүйек 2011.
  25. Pandey Mohan How Boeing Defied the Airbus Challenge — USA: Createspace, 2010. — ISBN 978-1-4505-0113-2.
  26. Marsh, George Boeing's 787: trials, tribulations, and restoring the dream. Reinforced Plastics. Тексерілді, шілде 29, 2010.
  27. Boeing boosts aircraft prices 5.5% on rising cost of labor, materials. Air Transport World (маусым 26, 2007). Тексерілді, 2 қыркүйек 2011.
  28. https://simpleflying.com/boeing-787-increased-connectivity-new-city-pairs/
  29. 787 Dreamliner performance summaryhttps://www.boeing.com/commercial/787/by-design/#/all-model-performance-summary
  30. https://web.archive.org/web/20180719132838/http://active.boeing.com/commercial/orders/displaystandardreport.cfm?cboCurrentModel=787&optReportType=AllModels&cboAllModel=787&ViewReportF=View+Report

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy