iPhone құрылғысында ұялы қызметті орнату
iPhone құрылғыңыздағы ұялы желі қосылымы оператордан SIM картасын талап етеді; ұялы желі жоспарын орнату үшін операторыңызға хабарласыңыз.
iPhone 12 үлгілері 5G желілеріне қосыла алады. iPhone құрылғыңызда 5G қызметін пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.
iPhone құрылғыңыз байланыс операторыңыздың желісіне физикалық nano-SIM картасын пайдаланып қосыла алады. iPhone XS, iPhone XR және одан кейінгі үлгілер бір физикалық nano-SIM картасын және бір eSIM картасын (барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді) пайдаланып Dual SIM картасын қолдайды.
Dual SIM технологиясын пайдалануыңызға болатын көптеген жолдардың кейбірі мінекей:
Бір нөмірді бизнес үшін, ал екіншісін жеке қоңыраулар үшін пайдаланыңыз.
Басқа елге немесе аймаққа саяхаттаған кезіңізде жергілікті деректер жоспарын қосыңыз.
Бөлек дауыс және деректер жоспарларын иеленіңіз.
Ескертпе: Екі түрлі операторды пайдалану үшін iPhone құрылғыңыз блокталмаған болуы тиіс.
Физикалық nano-SIM картасын орнату
Қағаз қысқышын немесе SIM картасын шығару құралын SIM науасының кішкентай тесігіне кіргізіңіз, одан кейін науаны шығару үшін iPhone құрылғысына қарай итеріңіз.
Ескертпе: SIM науасының кескіні мен бағдары iPhone үлгісіне және еліңізге немесе аймағыңызға байланысты болады.
Науаны iPhone құрылғысынан шығарыңыз.
nano-SIM картасын науаға салыңыз. Бұрышталған бұрышы дұрыс бағытты анықтайды.
Науаны iPhone құрылғысына қайта салыңыз.
Егер бұрын nano-SIM картасында PIN кодын орнатқан болсаңыз, сұралған кезде PIN кодын абайлап енгізіңіз.
ЕСКЕРТУ: SIM PIN кодын табуға ешқашан әрекет етпеңіз. Қате табу SIM картаңызды түбегейлі құлыптауы мүмкін және жаңа SIM картасын алмайынша телефон қоңырауларын шала алмайсыз немесе байланыс операторыңыз арқылы ұялы деректерді пайдалана алмайсыз. iPhone немесе iPad құрылғыңыз үшін SIM PIN кодын пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.
eSIM картасымен ұялы желі жоспарыңызды орнату
iPhone XS, iPhone XR және одан кейінгі үлгілер байланыс операторыңыз берген eSIM картасын санды түрде сақтай алады.
Settings > Cellular тармағына өтіңіз, одан кейін Add Cellular Plan түймесін түртіңіз.
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Операторыңыз берген QR кодымен жаңа жоспар орнату: iPhone құрылғысын QR коды жақтауда пайда болатындай етіп орналастырыңыз немесе мәліметтерді қолмен енгізіңіз. Операторыңыз берген растау кодын енгізуіңіз сұралуы мүмкін.
Тағайындалған ұялы байланыс жоспарын орнату: Байланыс операторыңыздан жоспардың сізге тағайындалғаны туралы хабарландыру алсаңыз, Carrier Cellular Plan Ready to Be Installed түймесін түртіңіз.
SIM картасын алдыңғы iPhone құрылғыңыздан жаңа iPhone құрылғыңызға тасымалдау: Телефон нөміріңізді тізімнен таңдаңыз.
Телефон нөміріңізді көрмесеңіз, екі iPhone құрылғысында да бірдей Apple ID идентификаторымен кіргеніңізді тексеріңіз. SIM картасын eSIM картасына тасымалдауға барлық байланыс операторларында немесе барлық ұялы желі жоспарларында қолдау көрсетіле бермейді. Қосымша ақпаратты Алдыңғы iPhone құрылғыңыздан SIM картасын жаңа iPhone құрылғыңыздағы eSIM картасына тасымалдау атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
Add Cellular Plan түймесін түртіңіз.
Жаңа жоспар екінші желіңіз болса, жоспарлардың бірге жұмыс істеу жолын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, ұялы желі жоспарыңызды операторыңыздың қолданбасы (қолдау көрсетілсе) арқылы белсендіруіңізге болады. App Store дүкеніне өтіңіз, оператордың қолданбасын жүктеп алыңыз, одан кейін ұялы желі жоспарын белсендіру үшін қолданбаны пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңызда бірнеше eSIM картасын сақтауыңызға болады, бірақ бір уақытта тек бір eSIM картасын пайдалана аласыз. eSIM карталарын ауыстыру үшін Settings > Cellular тармағына өтіңіз, пайдаланғыңыз келетін жоспарды түртіңіз, одан кейін Turn On This Line түймесін түртіңіз.
nano-SIM картаңыз болса, оны екінші желіңіз ретінде пайдалануыңызға болады. Dual SIM картасы тек iPhone құрылғыңызда орнатылған бір физикалық SIM картаңыз және бір eSIM картаңыз бар жағдайда жұмыс істейді. eSIM картасымен Dual SIM технологиясын пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Dual SIM үшін ұялы желі жоспарларыңызды басқару
Dual SIM технологиясы бар үлгілерде орнату кезінде iPhone құрылғысының әрбір желіні пайдалану жолын таңдауыңызға болады. Параметрлерді кейінірек өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Settings > Cellular тармағына өтіңіз.
Келесі әрекеттерді орындаңыз:
Cellular Data түймесін түртіңіз, одан кейін әдепкі желіні таңдаңыз. iPhone құрылғысына қамту мен қолжетімділікке байланысты екі желінің біреуін пайдалануға рұқсат ету үшін Allow Cellular Data Switching параметрін қосыңыз.
Data Roaming параметрі қосулы болса және байланыс операторыңыздың желісі қамтитын елден немесе аймақтан тыс болған кезіңізде роуминг ақыларын төлеуіңіз мүмкін.
Default Voice Line түймесін түртіңіз, одан кейін желіні таңдаңыз.
Cellular Plans түймесінің төменгі жағында желіні түртіңіз, одан кейін Cellular Plan Label, Wi-Fi Calling (байланыс операторыңыздан қолжетімді болса), Calls on Other Devices немесе SIM PIN сияқты параметрлерді өзгертіңіз. Жапсырма Phone, Messages және Contacts қолданбаларында пайда болады.
Dual SIM функциясын пайдалансаңыз, келесілерді ескеріңіз:
Wi-Fi Calling желі үшін басқа желі қоңырауға қолданыста кезде сол желінің қоңырауларды қабылдауына мүмкіндік беру үшін қосылуы тиіс. Басқа желі қоңырау үшін қолданыста кезде бір желіде қоңырау алсаңыз және Wi-Fi қосылымы қолжетімді болмаса, iPhone басқа желінің қоңырауын қабылдау үшін қоңырау үшін қолданыстағы желінің ұялы желі деректерін пайдаланады. Ақылар алынуы мүмкін. Қоңырау үшін қолданыстағы желіге баса желінің қоңырауын қабылдау үшін Cellular Data settings терезесінде деректерді пайдалану үшін рұқсат берілуі тиіс (әдепкі желі ретінде немесе Allow Cellular Data Switching параметрі қосылған әдепкі емес желі ретінде).
Wi-Fi Calling мүмкіндігін желі үшін қоспасаңыз, сол желідегі барлық кіріс телефон қоңыраулары (төтенше жағдай қызметтерінен қоңырауларды қоса) басқа желі қолданыста кезде тікелей дауыстық поштаға (байланыс операторыңыздан қолжетімді болса) өтеді; қабылданбаған қоңырау хабарландыруларын алмайсыз.
Желі бос емес кезде немесе жұмыс істемеген жағдайда шартты қоңырауды қайта бағыттауды (операторыңыздан қолжетімді болса) бір желіден басқасына орнатсаңыз, қоңыраулар дауыстық поштаға өтпейді; орнату ақпараты үшін операторыңызға хабарласыңыз.
Телефон қоңырауын Mac сияқты басқа құрылғыдан оны Dual SIM технологиясы бар iPhone құрылғыңыз арқылы беру арқылы шалсаңыз, қоңырау әдепкі дауыстық желіңізді пайдаланып жасалады.
SMS/MMS Messages сөйлесуін бір желіні пайдаланып бастасаңыз, сөйлесуді басқа желіге ауыстыра алмайсыз; сөйлесуді жоюыңыз және жаңа сөйлесуді басқа желіні пайдаланып бастауыңыз керек. Сондай-ақ, ұялы желі деректеріңіз үшін таңдалмаған желіде SMS/MMS тіркемелерін жіберсеңіз, қосымша ақылар алынуы мүмкін.
Instant Hotspot және Personal Hotspot ұялы деректер үшін таңдалған желіні пайдаланады.
Маңызды: GSM желілеріне және кейбір CDMA желілеріне қосылу кезінде ұялы қызметтерді пайдалану үшін SIM картасы керек болуы мүмкін. CDMA сымсыз желісінде белсендірілген iPhone құрылғысы негізінен халықаралық роуминг үшін GSM желісіне қосылу үшін SIM картасын да пайдалана алады. iPhone құрылғыңыз кез келген қажетті ең аз қызмет келісім-шартының қорытындысынан дейін де қызмет провайдерлері мен роумингті ауыстыру бойынша шектеулерді қамтуы мүмкін сымсыз қызмет провайдерінің саясаттарына бағынады. Қосымша мәліметтер алу үшін сымсыз қызмет провайдеріңізге хабарласыңыз. Ұялы мүмкіндіктердің қолжетімділігі сымсыз желіге, iPhone үлгісіне және орныңызға байланысты болады.
Ұялы желі жоспарларыңызды басқару кезінде, әсіресе iPhone құрылғысымен саяхаттаған кезіңізде қолданыстағы деректер, дауыс және роуминг ақыларын қарастырыңыз. iPhone құрылғысындағы ұялы деректер параметрлерін қарау немесе өзгерту бөлімін қараңыз.
Кейбір байланыс операторлары iPhone құрылғысының құлпын басқа байланыс операторымен пайдалану үшін ашуыңызға мүмкіндік береді (қосымша ақылар алынуы мүмкін). Рұқсат алу және орнату ақпараты үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз. Басқа оператормен пайдалану үшін iPhone құрылғысының құлпын ашу жолы атты Apple Support мақаласын қараңыз.