Балти

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:28, 2024 ж. шілденің 8 кезіндегі Мағыпар (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Кәсібі: дереккөз)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Балти
པའལཏི
Ең көп таралған аймақтар
 Пәкістан

327 000

 Үндістан

72 000

Тілдері

балти тілі

Діні

мұсылман-шииттер, ламаистер

Балти (бельц)Үндістанда (Джамму мен Кашмир штаттары) және Пәкістанда тұратын халық.[1] Олар Гималай аймақтарында да тұрады (дәстүрлі атауы - Балтистан). Пәкістандағы саны 327 мың, (2000 ж.), Үндістанда – 72 мың адам.[2] Балтилер тибеттіктермен туыстас, экономикалық және мәдени жағынан Солтүстік Үндістан халықтарымен жақынырақ.[3]

Ірі моңғолоидтық нәсілдің шығыс азиялық тобына жатады.[4]

Олар тибет тілдер тобына жататын балти тілінде сөйлейді. Тілі және физикалық түрі бойынша Балтилер тибеттіктермен туыстас, бірақ экономикалық және мәдени жағынан Солтүстік Үндістан халықтарымен жақынырақ.

Балти балалары

Ертеде Балти аралдарында буддизм кең тараған, 19 ғасырда Тибетпен тығыз мәдени байланыстар болған. Қазіргі уақытта Балти негізінен исламды (шиизмді) ұстанады,ламаистер де бар.[5]

Негізгі дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (арпа, бидай, жүгері, бау-бақша дақылдары) және ұсақ мал өсіру.[6]

Өңірдегі басқа этностарға қарағанда, балтилер әр маусымда малдарын бір жайылымнан екінші жайлауға көшіреді. Барлық үй шаруашылығында кем дегенде бір аналық хайнак ұстайды (сиыр мен қодастың буданы). Бұл малдардың сүтінен түрлі сүт өнімдері өндіріледі.
Балтиде қолөнер дамыған. Ұсталар мен ағаш ұсталары ауыл-ауылды аралап, жұмысына сары май мен бидай алады.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жергілікті әкімшілік дәстүр бойынша бұрынғы дворяндардың ұрпақтары, бұлар, әдетте, ірі жер иелері. Патронимиялық топтар сақталған (гаум), отбасы патриархалдық. Көршілес үнді-арий және дард халықтарымен (кашмир, шина) жиі некелеседі.

Тұрғын үйлері - Балти тұрғын үйлері аймаққа тән, жертөле немесе төменгі деңгей, бірнеше бөлмелері бар бірінші деңгей және тегіс шатыры бар үшінші деңгейлі болады. Жертөледе қой, ешкі, қодас ұстайды. Олардың ауылдары тар өткелдер арқылы бір-бірімен тығыз топтастырылған тас және саман үйлерден тұрады.[8]

Дәстүрлі сусындары – тұздалған шай, шафран немесе бадам қосылған қара шай

Фольклоры - мифтер, ертегілер, әндер, билер.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Балти. Тексерілді, 8 шілде 2024.
  2. Балти. Тексерілді, 8 шілде 2024.
  3. Балти. Тексерілді, 8 шілде 2024.
  4. Балти. Тексерілді, 8 шілде 2024.
  5. Үндістан халықтары. Тексерілді, 8 шілде 2024.
  6. Әлем халықтарының энциклопедиясы. Балти. Тексерілді, 8 шілде 2024.
  7. Балти – буддизмнен ислам дінін қабылдаған адамдар. Тексерілді, 8 шілде 2024.
  8. Балти буддизмнен исламға өткен халық. Тексерілді, 8 шілде 2024.