Агломерат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Агломерат (латын тілінен agglomera — қосамын, жинақтаймын) — 1 қара және түсті металлургияда — байытылған кентас концентраты мен майда кендерді шахта пештерінде қорытар алдында күйдіріп алынған кесек өнім. Темір кентасына марганецті қосып күйдіріп кесектелген концентрат темір-марганец Агломератты, ал құрамындағы СаО мен МgO қосындылары SіO2 мен Al2O3 қосындысына бір-бірімен тең болған шихтадан жасалған темір, кентасты Агломератне өзі ерігіш Агломерат делінеді. Сол сияқты бессемер және шаңды Агломерат бар. Агломераттың 95-тен астамы қара металлургияда, түсті металлургияның алюминий, никель, қорғасын, мыс өндірістерінде пайдаланылады.

Агломерат — мейлінше ірі де үшкір кесектерден (көлденеңі 30-2000 мм) түратын борпылдақ, босаң жанартаулық таужыныстар. Таужыныстардың түзілу орнына орай агломераттар көмей агломераттары (жанартау көмейіне шоғырланған кесектер) және қожды агломераттар (жанартау жапсарындағы қож тәрізді кеуек кесектер) болып бөлінеді.[1]

Пайдаланған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазак тілі терминдерінің салалык ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Құсайьшов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2