Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Штампылау — материалды штамп арқылы пластикалық деформалау арқылы өңдеу. Өңделетін дайындаманың немесе тетіктің пішініне, күрделілігіне, материалының күйіне, өңдеу сериялылығына және өңдеудің технол. ерекшеліктеріне қарай Штампылау көлемдік Штампылау және теміртабақ Штампылау болып жіктеледі. Штампылауды ашық және жабық штамптармен орындайды. Штампыланатын тетіктің пішіні мен атқаратын қызметіне қойылатын талаптарға қарай оларды иінді және гидравлик. престерде, көлденең соғу машиналарында өңдейді.