Мазмұнға өту

Мажарстан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 47°29′53″ с. е. 19°02′24″ ш. б. / 47.49806° с. е. 19.04000° ш. б. / 47.49806; 19.04000 (G) (O) (Я)
Мажарстан
маж. Magyarország
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Isten, áldd meg a magyart!» (тыңдау )
Мажарстанның орналасуы (қою жасыл):
Еуропада (ашық жасыл және қою сұр)
Еуроодақта (ашық жасыл)
Тарихы
Құрылды 1000 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі мажар тілі
Елорда  Будапешт
Ірі қалалары Будапешт, Дебресен, Мишколс, Сегед, Пежш, Гьөр, Ниредхаза, Кежшкемет, Секешфехервар
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Каталин Новак
Виктор Орбан
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 108-ші орын
93 030[1] км²
0,74
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

9 772 756[2] адам (92-ші)
105,1 адам/км² (103-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

332,225 млрд.[3] $ (56-шы)
34,046[3] $ (44-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

170,407 млрд.[3] $ (55-ші)
17,463[3] $ (55-ші)
АДИ (2018) 0,845[4] (өте жоғары) (43-ші)
Этнохороним мажарлар
Валютасы Мажар форинті
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .hu, .eu (ЕО мүшесі ретінде)
ISO коды HU
ХОК коды HUN
Телефон коды +36
Уақыт белдеулері (UTC+1, жазда UTC+2)

Мажарстан (маж. Magyarország [ˈmɒɟɒrorsaːɡ]: аударғанда – «Мажарлар елі (magyarok, модьярок)»), 1989—2011 жылдардағы ресми атауы — Мажар Республикасы (маж. Magyar Köztársaság (модьяр кёзтаршошаг)) — Eуропаның орталығында oрналасқан мемлекет.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мажарстан Альпі, Карпат және Динар тауларының аралығында орналасқан. Жерінің тең жартысын Үлкен Орта Дунай ойпаты алып жатыр. Мажарстанның басты өзені – Дунай елді қақ ортасынан басып өтеді. Балатон атты үлкен де, әдемі көлдің жағасында көптеген санаторийлер, қонақүйлер, туристік орындар бар. Мажарстан [5] – Еуропаның Аустрия, Словакия, Украина, Румыния, Хорватия мемлекеттерімен шекаралас жатқан ел.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мажарстан – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 93 мың км². Халқы 9,6 миллион адам. Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы мажарлар. Қалғандарын алман, серб, хорват, румын, еврей, тағы да басқа халық өкілдері құрайды. Мемлекеттік тілі – мажар (венгр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі христиан дінінің католиктік (70%) және протестанттық (25%) тармағын ұстанады.

Басқару құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мажарстан – парламенттік республика. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – бір палаталы Мемлекеттік жиналыс. Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әртүрлі партия өкілдерінен құралған үкімет жүргізеді.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мажарстан 19 медиеге (облысқа) және медиеге тең (NUTS-3 бірлік) астана Будапештке бөлінген. Медие йарашқа, йараштар — қалалар мен қауымдарға, астана аудандарға бөлінген. Қалалар мен қауымдастықтардың өкілді органдары – халық сайлайтын жергілікті өкілдіктер (képviselő testület); атқарушы орган – әкім (polgármester, полгармаштер); аудандардың өкілді органдары – өкілдіктер (képviselő, кейпвишело); аудандардың атқарушы органдары – әкімдер; медиелердің өкiлдi органдары — вежа (közgyűlés, көздиулеш); атқарушы органдар — веж төрағалары болады.

Орта Дунай жазығында орналасқандықтан, жерінің 60%-дан астам бөлігін жазық, қалған бөлігін таулы қырат алып жатыр. Жазық жерлері ауылшаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орманды. Мұнда дүниежүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температура –2*С - –4*С, шілдеде 20– 22*С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 450–900 милиметр.

Қазіргі Мажарстан жерін біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта сақтар және келт, иллирий, фракия тайпалары қоныстанған. Кейінірек герман, ғұн, авар тайпалары ағылып келіп, осы жерден Батыс Рим империясына шабуылдар жасаған. Бұл өңірде 430 жылы Аттила (Ата Ел) қаған бастаған Батыс Ғұн мемлекеті құрылып, ол ыдырағаннан кейін Баян хан бастаған аварлар билігі салтанат құрды. 895 жылы Арпад патшаның басшылығымен мажарлардың (мажарлар) жеті тайпасы көшіп келіп қоныстанды. Арпадтың шөбересі Геза христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрды. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде (1237-46) көптеген қыпшақ тайпалары Мажарстанға келіп, қоныс теуіп қалды. 1301 жылы Арпад әулеті биліктен кетіп, үкімет басына Анжу әулеті келді. Олар 1335 жылы чех, поляк корольдерімен бірігіп, саяси-сауда одағын құрды. 1372 жылы Пешт қаласында университет ашылды. 16 ғасырдың бас кезінде елдегі бытыраңқылық салдары Мажарстанның әлсіреуіне әкеп соқты. Осман сұлтандығы мұнда 1526-1686 жылдары өз биліктерін орнатты. Ел үш бөлікке: Шығыста Трансилвания кінәздігіне, түріктер иеленген орталық бөлікке және Габсбургтер әулеті билеген Мажарстан корольдігіне бөлініп кетті. 1683 жылы түріктер Вена қаласы түбінде жеңіліске ұшырағаннан кейін Мажарстан Польша, Венеция мемлекеттерімен «Қасиетті одаққа» бірікті де, 1686 жылы елді азат етті. Бірақ билік басына Габсбургтер әулеті келді. 1867 жылдан бастап Мажарстан дербес парламенті, конституциясы бар елге айналып, экономикалық жағынан тез дами бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқ кезінде, 1918 жылы күзде, елде үкімет басына Антантаны жақтаушылар келді. Бірақ Ресей түрмелерінен босап шыққан мажар әскери тұтқындары 1919 жылы көктемде Мажарстанда уақытша Кеңес үкіметін құрды. Оны Хорти бастаған монархияшыл топ күшпен басып, король үкіметін қалпына келтірді. Жаңа үкімет 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Германия мен Италияның ықпалында болды және Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Германияның одақтасына айналды. Соғыстан кейін Мажарстан Кеңестер Одағының ықпал ету аймағында қалды да, үкімет басына коммунистер келді. 1956 жылы жиырма үшінші қазан күні тоталитарлық режим жойылып, көппартиялы жүйе қалпына келтірілді, үкімет Варшава шартынан шығатынын мәлімдеді. Төртінші қарашада Мажарстанға Кеңес әскерлері басып кіріп, бұл үкіметті таратып жіберді де, екі жүз мыңға жуық адам шетелге кетіп қалды. Шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерге байланысты 1989 жылдың аяғында коммунистер билік басынан кетіп, орнына ұлттық демократиялық күштер келді. Еуропалық Одаққа (ЕО) ассоциацияланған мүше, ал 1999 жылы НАТО-ға мүше болып қабылданды. Мажарстан орташа дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ұлттық табыстың әр адамға шаққандағы орташа мөлшері 4300 АҚШ доллары шамасында. Экономикасының жетекші салалары: машина жасау, станок шығару, химия, дәрі-дәрмек, металлургия, жиһаз жасау т.б. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бидай, жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс өсіріледі. Құс шаруашылығы мен шарап өндірісі жақсы өркендеген. Басты сауда серіктестері: Германия, Аустрия, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, ТМД елдері. Мажарстан үкіметі 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. 1955 жылдан БҰҰ мүшесі. Көптеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Еуропа Кеңесінің жұмысына қатысып келеді. Мажарстандағы халықтық үкімет тұрысында жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижесінде елдің экономикасында социалисттік өндірістік қатынастар өрістей бастады.

  • 1950-1970 жылдар арасында елдің ұлттық табысы жыл сайын 6%-ға өсіп отырды.
  • 1969 жылы халық шығынына жұмсалған күрделі қаржы, 1938 жылымен салыстырғанда 10 есе артты.
  • 1938 – 1970 жылдары ауыл шаруашылық өнімі 33%-ға артты.
  • 1969 жылы ұлттық табысының 54%-ын өнеркәсіп, 21%-ын ауыл шаруашылығы берді, яғни Мажарстан индустриялы-агралары елге айналды.

Мажарстанның экономикалық дамуына Кеңес Одағының, барлық социалисттік елдердің тигізген көмегі зор. Мажарстан социалисттік елдер арасындығы Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің мүшесі болып келеді.

Мажарстанның тұрғылықты халқы өздерін «Мадиярлармыз» деп атайды. Осы мажарлық мадиярлардың қазіргі мекендеп жатқан Еуропа аумағына ұлы даладан келгендігі жəне олар қайсібір заманда сонда көшіп-қонған халықтың бір бөлігі болғандығы жайында тарихи, мұрағаттық деректер мен аңыздар көп. Мажар аңыздарындағы ғұндарға байланысты оқиғалар мажарлардың шығыспен байланысының сонау ерте заманда басталғанын, Мажарлардың Азиядан Еуропаға 896 жылы қоныс аударғанын баяндайды.

Қазақстан мен Мажарстан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанды өздерінің ата-жұрты деп санайды. ІХ ғасырда қыпшақ деген атпен белгілі болған халық моңғолдардың 1239 жылғы шапқыншылығынан Мажарстанға қоныс аударады. Көтен хан ІV Белаға елшілерін жіберіп, Мажарстанға халқымен көшіп баруға рұқсат сұрайды. Рұқсат алған соң, 1239-40 жылдары қоластындағы 40 мың (кейбір деректерде 60 мың) халқымен көшеді. Еркін көшіп-қонуға, ескі салттары бойынша өмір сүруге лайық аумақтарға, жазық далалы жерлерге қоныстанады. Түгелдей отырықшы болуларына жүз жыл кетеді, ал тілдері, Иштван Мандоки Қоңырдың айтуынша, ХVІІ ғасырдың аяғына дейін сақталады. Күні бүгінге дейін Мажарстандағы Дунай мен Тиса арасы – Кишкуншак (Кіші қыпшақ жері), шығысы Надкуншак (Ұлы қыпшақ) деген атауларға ие. Қарсақ қаласы – Ұлы Қыпшақ жерінің жүрегі. Мажарлар мен қазақтардың туыстығы туралы алғашқы пікірлер ХІХ ғасырда жергілікті газет беттерінде жариялана бастайды. 1835 жылы Шамуел Брашшайдың «Қырғыз-қазақтар» атты еңбегі жарық көреді. Кейін де мажар ғалымдарының қазақ еліне, жеріне байланысты еңбектері жарық көре бастайды. Солардың арасында Диерд Алмашидің есімі көзге ерекше түседі. 1900 жылы Қазақ жеріне жасаған саяхаты нəтижесінде «Азия жүрегіне саяхатым» атты еңбегі жарық көреді. Кітабында Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақтардың өмірі, тұрмыс-салты, шаруашылығы, сауда-саттығы, əдет-ғұрпы, наным-сенімдері, қолөнері, ауыз əдебиеті туралы мол мағлұлмат келтіреді. XX ғасырда белгілі мажар ғалымы, антрополог Тибор Тот өзінің ғылыми еңбектерінде екі елдегі руларды, қазақтар мен мажарлар арасындағы туыстық байланыстарды жан-жақты зерттеуді бастағанымен, бұл ғылыми мұрасын саяси себептерге байланысты жалғастыра алмайды. Ал Андрош Биро мұны ғылыми дəрежеге көтереді. 2006 жылы Андроштың жетекшілігімен, Қостанай облысында қазақ-мажар бірлескен антропологиялық экспедициясы Торғай өңірінде тұратын қазақтар мен мадияр руы өкілдері арасындағы генеологиялық деректер, антропологиялық өлшемдер жасалады. ДНҚ үлгілері алынып, ғасырлар бойы өзгермейтін жəне генетикалық ақпаратты сақтайтын Ү хромосомдарына талдау жүргізіледі. Нəтижесінде мажарлық мадиярлар мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынас толығымен дəлелденеді. Ал Иштван Мандоки Қоңыр «Күн тілінің Мажарстандағы ескерткіші» (1993) атты еңбегінде мажар тіліндегі кейбір сөздер мен қазақ тіліндегі сөздердің ұқсастығын келтіреді. Мысалы: арқан – arkany, ұнтақ – ontak, шолақ – csollak, қанжыға – kangyik,тауық - tyúk, пышақ –bicska тағыда басқа.

Мажарстан жерінің 68%-ы жазық, 30%-ы төбелі-белесті аймақ, 2%-ы орта биітіктегі тау. Көп жерді Орта Дунай жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Дунай өзені елді екіге бөледі. Оның шығыс жағында Орта Үлкен Дунай, солтүстігінде бикіктікті орташа таулар және Мажарстандагы ең биік тау Кекеш (1015м.) бар. Дунатул жазығы, Кіші Орта Дунай ойпатының оңтүстік бөлігі және Орта Мажарстан таулары мен Әлпінің етегі Дунайдың оң жағын алып жатыр. Мажарстанның солтүстік-шығыс бөлігінде әйгілі ақтелек үңгірі бар. Орта Дунай жазығының ең төменгі қатпарлы қабаты полезой, мезозой жыныстарынан, оның үсті палеоген, миоцен, пиоценнің тас аралас құмы мен сазынан, жоғары қабатта көлдердің және өзеннің құмсаз қабатының шөгінділерінен түзілген. Солтүстік биіктігі орташа таулар перім және триастың сазды жанғыш тақта тасы мен әк тасынан, Орта Мажар таулары перімнің құм тасы мен конгломератынан, триас пен юраның мергел, доломит және әктас жиынтығынан құрылған. Пайдалы қазбалары:

Климаты қоңыржай, континенттік. Қаңтарда орташа температурасы – 2,4 С, шілдеде 20–22,4 С, жауын-шашының жылдық мөлшері 450–900 мм. Үлкен Орта Дунай жазығының шығыс бөлігінде кей жылдары құрғақшылық болып тұрады. Басты өзені – Дунай. Оның ірі салалары Тиса, Раба, Шио, Драва. Тиса өзені бойында көптеген жер суару арналары бар. Мажарстан көлдерінің көбі шағын. Көп жері қара топырақты. Таулы, төбелі-белесті аудандары орманды жерге тән қоңыр және шым-қарбонат топырақты, өзен аңғарлары алювиалды топырақты болып келеді. Бұрын Мажарстан қалың орманды елдердің бірі еді, қазір жерінің 13,5%-ы ғана орман. Дала мен орманды мекендейтін жануарлар, құстар өзендерінде көксерке, шортан, тағы басқа балықтар кездеседі. Мажарстан жері алты табиғи ауданға бөлінеді:

  • Үлкен Орта Дунай ойпаты;
  • Солтүстік таулы аймақ;
  • Кіші Орта Дунай ойпаты;
  • Дунай сыртындағы таулы аймақ;
  • Мезефелді;
  • Оңтүстік-батыс Мажарстан.

Өнеркәсібі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Социалисттік Мажарстанда жергілікті энергетика және шикізат базасы құрастырылған. Өнеркәсіпте бұрын болмаған салалар пайда болды, аграрлы аймақтарда ірі кәсіпорындар ашылды. Мажарстан жер қойнауы кенге онша қатты бай емес. Мажарстан индустриясының басты салалары:

  • Металл өңдеу.
  • Мәшине жасау.
  • Химия.
  • Тамақ өнеркәсібі

Қара металлургияға жұмсалатын темір кенінің 80%-ы, кокстың 65%-ы шетелден алып келінеді. Мажарстанның мәшине жасау өнеркәсібі негізінен металл аз жұмсалатын күрделі мәшинелер жасауға негізделген. Мотоцикл, жүк мәшинесі, автобус және кеме жасайтын зауыттар да бар. 1970 жылы мәшине жасау өнімі 1938 жылға қарағанда 16 есе артты. 1969 жылдары металл жонатын 14 мың станок, 4789 автобус, 345 теледидар шығарылды. Мажарстанның химиялық кәсіпорындары Казинцбарцика, Ленинварош, Варпалота, Солноқ қалаларында орналасқан. 1969 жылы 454 мың тонна күкірт қышқылы, 2381 мың тонна тыңайтқыш, 39,5 мың тонна пластмасса мен синтетик шайыр өндірілді. Ауыл шаруашылығы Мажарстан жеміс, жүзім, көкөністер егуге, етті мал өсіруге мамандар ауыл шаруашылығының 90%-ын кооперативтер мен мемлекеттік шаруашылықтың қолында. Мажарстан Аумағының жартысынан көп жері ауыл шаруашылық жері болып табылады, оның 60%-ы егістік. Дунай, Тиса өзендерінің аралығында, тау беткейлерінде аса бағалы шарап жасалатын жүзім өсіріледі. Ауыл шаруашылығының 60%-нан астамы және ауыл шаруашылығының экспортының 40%-ға жуығын мал шаруашылығы береді. Етті ірі шошқа өсірілуі қатты дамыған. 2-Дүниежүзілік соғыстан кейін қой шаруашылығы да өркендей бастады. Елдің оңтүстік бөлігінде жылқы өсіріледі. Сыртқы экономикалық байланыстар 1949-1969 жылдары Мажарстанның сыртқы өнім айналымы 7,1 есе артты. 1969 жылы экспорттың 68%-ы, импорттың 67,7%-ы социалисттік елдерлің үлесіне тиді. Экспортында мәшинелер, радиоаппаратура, теледидар үлесі басым болып, олардың 90%-ы социалисттік елдерге шығарылды. Шетке шығарылатын дәрі-дәрмек, сыртқы киім мен аяқкиім, боксит пен глинозем жылдан жылға көбеюде. Шетелден жыл сайын темір кені, көмір, мұнай, электр қуаты, әртүрлі жартылай фабрикаттар әкелінеді. 1970 жылы сыртқы сауда айналымының 34%-ы Кеңес Одағының үлесіне тиді. Ел экономикасында туризмнің маңызы өсіп келеді. 1969 жылы Мажарстанда 6 млн. шетелдік туристер болды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Hungary. CIA The World Factbook. Тексерілді, 27 наурыз 2014.
  2. Population by type of settlement – annually. Hungarian Central Statistical Office (29 June 2019). Тексерілді, 29 маусым 2019.
  3. a b c d World Economic Outlook Database, October 2019. International Monetary Fund.
  4. Human Development Report 2019  (ағыл.) (PDF). United Nations Development Programme (10 December 2019). Тексерілді, 10 желтоқсан 2019.
  5. Балалар энциклопедиясы, III-том


pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy