Мұһаджир
Мұхаджір
[өңдеу | қайнарын өңдеу]МҰХАДЖІР, Мухаджир, әл-Муһажир (арабша қоныс аударушы) – Алла ризалығы үшін Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) соңынан Мединеге қоныс аударушылар. Құран Кәрімде Мұхаджір туралы: “Расында иман келтіргендер, һижрат еткендер (Мұхаджірлар) және Алла жолында аянбай күрескендер – Алланың рахметінен үміт күткендер” (Бақара, 218) делінген. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде де Мұхаджірлар аса құрметпен аталып, олардың ниеті түзу болуына ерекше мән беріледі. Имандарын сақтап қалу мақсатында туған жері мен дүние-мүлкін тастап, туыстарынан безіп, күпірлік билеген ортадан мұсылмандар арасына қоныс аудару дін жолында күресумен теңестірілген. Алғашқы һижрат Хабашыстанға (Эфиопия) көшкен Мұхаджірлардан басталды. Олар 14 еді, оның 10-ы ер, 4-еуі әйел еді. Дінсіздер мен мүшріктер азабына шыдамаған мұсылмандар бірқұдайшылықты ұстанған әл-Нәжәши патша тұсында Эфиопияға көшті, аз уақытта һижрат етушілер саны 100-ге жетті. Пайғамбарлықтың 13-жылында Алла әмірімен Мұхаммед (ғ.с.) Меккеден Ясрибке (Медине) қоныс аударды, ол “үлкен һижрат” аталды. [1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұхаджір Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 6 том.
Толықтыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |