Сикоку
Сикоку жапон. 四国 | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 18 800 км² |
Ең биік нүктесі | 1982 м |
Тұрғындар (2015 жыл) | 4 141 955 адам |
Халық тығыздығы | 220,317 адам/км² |
Орналасуы | |
33°45′ с. е. 133°30′ ш. б. / 33.750° с. е. 133.500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 33°45′ с. е. 133°30′ ш. б. / 33.750° с. е. 133.500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Тынық мұхит |
Ел | Жапония |
Сикоку Ортаққорда |
Сикоку — Жапониядағы арал, Жапон топаралының оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 17,8 мың км2 (маңайындағы 300-дей ұсақ аралдармен бірге — 18,8 мың км2). Тынық мұхит, Ішкі Жапон теңізі, Кии, Наруто, Хаясуи, Бунго бұғаздарымен, Тоса шығанағымен ұласады. Жер беті аласа және орташа тау жоталарынан (Исидзути тауы, биіктігі 1981 м-ге дейін), олар негізінен гранит, тақтатас және жанартаулық тау жыныстарынан құралады. Сикокуде Жапониядағы мыс кентасының ірі кен орны бар. Климаты субтропиктік, муссондық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 — 3000 мм аралығында; тайфун жиі соғады. Өзендерінің суы мол. Субтропиктік жалпақжапырақты ормандар өседі. Негізінен цитрустық жемістер, күріш, қант құрағы өсіріледі. Балық аулау дамыған, меруерт кәсіпшілігі бар. Басты қалалары: Мацуяма, Такамацу, Токусима, Коти;
Сикоку Хонсюмен үш Жапон экпрессжолдарымен қатынасады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |