Мазмұнға өту

Сопрано

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Негізгі вокалды диапазондар
Әйелдердікі
Сопрано
Меццо-сопрано
Контральто
Ерлердікі
Контратенор
Тенор
Баритон
Бас

Сопрано (итал. sopre – жоғары, үстіңгі) – ең жоғары регистрде айтылатын әнші әйел даусы.

16 ғасырға дейін еуропадағы елдерде, әсіресе, ерлер қатысатын мәртебелі орындарда әйелдерге ән айтуға тыйым салынды; сондай-ақ керісінше әйелдер ортасында ерлерге де ән айтуға болмайтын. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап көпшілік алдында әйелдер де ән айтуға көшті. 19 ғасырдың алғашқы жартысында әйелдер даусымен айтылатын сопрано кең қанат жайып, тыңдаушы қауымның зор сүйіспеншілігіне бөленді. Сопраноның диапазоны до1 – до (ре-фа)3. Сопрано дауыстың тембрлік бояу-сазына қарай колоратуралық Сорпрано, лирикалық Сопрано, драмматикалық Сопрано, сонымен қатар лирикалы-колоратур. Сопрано және лирикалы-драмматикалық сопрано деп бөлінеді. Мысалы, қазақ әншілері Ш.Бейсекова мен Р.Жаманованың даусы сопраноға, А.Байқадамова мен К.Байсейітованың даусы лирикалы-колоратуралық сопраноға, Р.Жұбатұрованың даусы лирикалы-драмматикалық сопраноға жатады. Сопрано даусы негізінен әйелдер мен балаларға тән; қатан Дауыс.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Soprano vocalists
pFad - Phonifier reborn

Pfad - The Proxy pFad of © 2024 Garber Painting. All rights reserved.

Note: This service is not intended for secure transactions such as banking, social media, email, or purchasing. Use at your own risk. We assume no liability whatsoever for broken pages.


Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy