Бурятия
Координаттар: 53°48′ с. е. 109°20′ ш. б. / 53.800° с. е. 109.333° ш. б. (G) (O) (Я)
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Бурятия Республикасы | |||||
| |||||
Елордасы |
Улан-Удэ | ||||
15-ші | |||||
Барлығы |
351334 км² | ||||
Барлығы |
▲971 810 (2013) 2.77 адам/км² | ||||
Барлығы, ағым. баға |
136,4 млрд руб. (2010) 132,1 мың руб. | ||||
Сібір | |||||
Шығыс Сібір | |||||
Бурятша, Орысша | |||||
Басшы, Республика Үкіметінің төрағасы |
Вячеслав Наговицын | ||||
Халық Хураласының төрағасы |
Матвей Гершевич | ||||
03 | |||||
RU-BU | |||||
MSK+5 (UTC+9) | |||||
Ресми сайты: |
http://egov-buryatia.ru/ |
Бурятия, Бурят Республикасы — Ресей Федерациясы құрамына кіретін республика. Жері 351,3 мың км². Халқы — 1053 мың адам (1996). Астанасы — Улан-Удэ қаласы Негізгі халқы буряттар (бураттар) (250 мың). Одан басқа орыс, татар, украин, т.б. тұрады. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Халық Құрылтайы. Бурятия Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде, Байкал көлінің жағалауындағы таулы қыратта (Шығыс Саян) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігін орман (тайга) алып жатыр. Қысы суық әрі ұзаққа созылады, жазы қоңыржай жылы. Қаңтар айында жылдық орташа температура –24 °С, шілдеде 17 °С. Жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бурятия жерінде адам баласы ерте заманнан бері тұрады. 12 ғасырға дейін бұл өңірді ғұн, ұйғыр, эвенкі тайпалары кезек-кезек мекен етті. 13 ғасырда моңғол тілінде сөйлейтін бурят (бурат) тайпалары көшіп келіп, қоныстанды. Олар мал өсірумен, аң аулаумен айналысты және Қытай, Моңғолия елдерімен сауда-саттық жасады. 16 ғасырдың аяқ кезінен бастап буряттар арасына Моңғолия мен Тибет арқылы будда діні ене бастады. 17 ғасырдың бас кезінде Бурятия жеріне алғашқы орыс-казак отрядтары келіп жетті де, осы ғасырдың аяғына таман елді толықтай Ресейге бағындырды. 18 ғасырдан бастап Ресей үкіметі бұл жаққа сотталғандарды жер аудара бастады. Бұған қоса үкімет буряттар мен эвенкілерді зорлықпен шоқындырып, оған көнбегендерін тұрған жерлерінен ығыстырып, босаған жерлерге орыс шаруаларын әкеп қоныстандырды. Жергілікті халық отаршыларға қарсы жиі-жиі көтеріліске шықты және православие дініне кірмес үшін жаппай будда дінін қабылдап, көп ұзамай бұл дін жергілікті шаман дінімен араласып кетті де, буряттардың негізгі дініне айналды. Ал көтерілістерді Ресей үкіметі күшпен басып отырды. Дегенмен, Ресейге қосылғаннан кейін буряттар отырықшылыққа көше бастады, қалалар салынып, сауда қатты дамыды (18 ғ-дың аяғына таман Ресейдің Азиямен сауда айналымының 67%-і Кяхта кедені арқылы өткен). 19 ғасырда нарықтық қатынастар жедел дамыды. Әсіресе, Сібір темір жолының салынуы қалалардың тез өсуіне алып келді.1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ұлт-азаттық қозғалыс қайтадан күшейіп, буряттар өздерінің ұлттық аймақтарын құра бастады. 1918 жылы жазда Шығ. Сібірде атаман Семеновтың әскери диктатурасы орнады. Осы жылы тамыз айында Бурятия жеріне Жапония әскерлері, келесі жылы сәуір айында Америка әскерлері келіп кірді. Ақ гвардияшылар мен шет ел әскерлерінің жергілікті халықпен санаспауы партизан қозғалысының күшеюіне алып келді. Нәтижесінде 1920 жылы Қызыл Армия бөлімдері партизандардың көмегімен елді азат етіп, батыс бөлігі РКФСР-дың құрамына кірді де, шығыс жағы Қиыр Шығыс Республикасына қарады. 1922 жылы 9 қаңтарда Бүкілодақтық ОАК-нің қаулысымен РКФСР құрамында Бурят-моңғол автономиялы облысы құрылды. Қиыр Шығыс Республикасы тарағаннан кейін бұл облысқа елдің шығыс бөлігі қосылды да, 1923 жылы 5 мамырда Бурят-моңғол АКСР-і құрылды (1958 жылдан бастап Бурят АКСР-і). Кеңес үкіметі жылдарында Бурят АКСР-і біршама әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жетті. Сауатсыздық жойылып, көптеген жоғары оқу орындары ашылды, ұлттық театрлар пайда болды. Кеңес Одағындағы аса ірі жылу-электрлік база құрылды. Жаңадан көптеген өнеркәсіп орындары (машина жасау, тау кен өндіру, ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, т.б.) пайда болды. Социалдық жүйенің ыдырап, Коммунистік партияның биліктен кетуі ел өміріне үлкен өзгеріс енгізді. 1990 жылы Бурят АКСР Жоғарғы Кеңесінің кезекті сессиясында республика статусы жөнінде декларация қабылданып, 1991 ж. желтоқсан айында президенттік басқару жөнінде арнайы заң шығарылды. Бурятия 1992 жылы РФ құрамына кіретін басқа да республикалармен бірге федеративтік шартқа қол қойды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Buryatia |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |