Content-Length: 187285 | pFad | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B7

Мерез — Уикипедия Мазмұнға өту

Мерез

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мерез (лат. Syphilis; қыт. 梅毒) — жұқпалы созылмалы ауру. Қоздырғышы — Treponema pallidum.

Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді.

Syphilis

Image of spiral-shaped organisms responsible for causing syphilis
АХЖ-10

A5050.-A5353.

АХЖ-9

090-097

MedlinePlus

001327

eMedicine

med/2224 emerg/563 derm/413

Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (лат. Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.

Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады.

Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі — қатты шанкр. Бұл бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т.б жерлерінде кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк дәрі арқылы емдемей, тезірек шипагерге қаралуы қажет.

Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ, ол жанға батып ауырмайтындықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін. Ауру жұққаннан кейін бір жарым-екі айдың ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ, аздаған әлсіздік, буындардың сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі байқалады.

Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді, бірақ, ол теріні түсірмейді жане науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің, ауыздың ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы да мүмкін, сонымен қатар, теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде біріне-бірі қосылып, үлкен жараға айналады. Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады.

Осыдан соң мерез үшінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады.

Мерез ауруы араққұмар, адамгершілік қағидаларына құлақ аспайтын жүгенсіз, бұзық адамдар арасында жиі кездеседі. Сондықтан, мерезді түбегейлі жою үшін ең алдымен жастарға берілетін тәрбиеге мән беру керек.

Мерез жазылмайтын ауру емес, одан айығудың кепілі — шипагерлерге уағында көрініп, жазылғанша үзбей емделу. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Syphilis










ApplySandwichStrip

pFad - (p)hone/(F)rame/(a)nonymizer/(d)eclutterfier!      Saves Data!


--- a PPN by Garber Painting Akron. With Image Size Reduction included!

Fetched URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B7

Alternative Proxies:

Alternative Proxy

pFad Proxy

pFad v3 Proxy

pFad v4 Proxy